USD
Теңгерімді
N1 Jolbarys Electro
Энергетика және шикізат секторларының ETF қорларына инвестициялау. Энергетикалық инфрақұрылымның дамуына мүдделі және купондық кіріс алу мүмкіндігін қарастыратын инвесторларға арналған.
10%
Жылдық тіркелген купон
60%
Қорғаныс тосқауылы
24 ай
Өнімнің қолданылу мерзімі
6 ай сайын
Төлем жиілігі
Уран
Ірі деректер орталықтарын үздіксіз әрі таза энергиямен қамтамасыз ету.
Электр желілері
Серверлерді электр энергиясымен қамтамасыз ететін инфрақұрылым.
Энергетика
Энергия тапшылығы жағдайындағы дәстүрлі энергия өндіру.
Мыс
Жаңа кабельдер мен салқындату жүйелерін өндіруге қажетті негізгі металл.
Инвестициялық идея:
AI әлемінің физикалық инфрақұрылымы
Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы орасан зор энергетикалық қуатты қажет етеді. Тәуекелі жоғары IT-стартаптарға инвестиция салудың орнына, біз олардың барлығына қажетті негізгі ресурстарға — энергияға, электр желілеріне және шикізатқа инвестиция саламыз.

Бұл — деректер орталықтары мен нейрондық желілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нақты физикалық негіз.
Өнім қалай жұмыс істейді
Табыстылықтың өзгеру қарқынының болжамды көрсеткішін бағалаңыз.
Өнімді сатып алу
N1Broker қосымшасында N1 Jolbarys Electro өнімін рәсімдеңіз: өнімді таңдап, құжаттарға қол қойыңыз және шотыңызды толықтырыңыз.

Инвестициялаудың ең төменгі сомасы — 10 000 USD.
Купондық төлемдер
Купондық төлемдер әр 6 ай сайын жүзеге асырылады.

Купондық төлем қорғаныс тосқауылының деңгейіне тәуелді емес. Базалық активтердің бірінің құны 40%-дан астам төмендеген жағдайда да тіркелген купон төленеді.

Мұндай жағдайда қорғаныс тосқауылы өнім мерзімінің соңында қайтарылатын инвестиция сомасына әсер етеді.
Инвестицияларды қайтару
Өнім бойынша бірнеше сценарий қарастырылған:

1. Мерзімінен бұрын өтеу шарты орындалған жағдайда, өнім автоматты түрде жабылып, инвестицияның номиналды сомасы қайтарылады. Тіркелген купон өнімнің талаптарына сәйкес төленеді.

2. Егер өнімнің қолданылу мерзімі аяқталған күні базалық активтердің ешқайсысының құны 40%-дан астам төмендемесе, инвестор инвестицияның номиналды сомасын алады. Тіркелген купон активтер құнының өзгеруіне қарамастан төленеді.

3. Егер базалық активтердің кемінде біреуінің құны 40%-дан астам төмендесе, инвестор тіркелген купонды алады, ал инвестицияланған соманы қайтару өнім мерзімі аяқталған күнгі активтің бағасын ескере отырып, ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Оң сценарийлер
Теріс сценарий
Егер өнімнің қолданылу мерзімі аяқталған күні базалық активтердің ешқайсысының құны 40%-дан астам төмендемесе, инвестор инвестицияның номиналды сомасын алады. Тіркелген купон активтер құнының өзгеруіне қарамастан төленеді.
Мерзімінен бұрын өтеу шарты орындалған жағдайда, өнім автоматты түрде жабылып, инвестицияның номиналды сомасы қайтарылады. Тіркелген купон өнімнің талаптарына сәйкес төленеді.
Егер базалық активтердің кемінде біреуінің құны 40%-дан астам төмендесе, инвестор тіркелген купонды алады, ал инвестицияланған соманы қайтару өнім мерзімі аяқталған күнгі активтің бағасын ескере отырып, ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Табыстылық калькуляторы
10 000 $
2 000 000 $
Есептік әлеуетті кіріс
$1 200 000
Тіркелген купон — 10%
24 ай
Өнімнің қолданылу мерзімі
Неліктен бізге сенеді
Біз лицензия негізінде жұмыс істейміз, сенімді халықаралық қаржылық серіктестермен ынтымақтасамыз және активтерді әлемдік деңгейдегі ірі депозитарийлерде сақтаймыз. Капиталыңыздың қауіпсіздігі — біздің басты жауапкершілігіміз.
Ыңғайлылық
Шотты жылдам ашу және мобильді қосымшада инвестицияларды жайлы басқару
Ашықтық
Инвестицияларды толықтай қадағалау, табыстылықтың нақты статистикасы және түсінікті есептер
Икемділік
Дайын портфельдерден бастап жеке стратегияларға дейінгі инвестициялық шешімдердің алуан түрлілігі
Сараптама
15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандардың дербес стратегиялары мен кеңестері
Инвестициялауды қалай бастау керек
Қосымшаны жүктеп алыңыз
N1Broker-ді орнатып, инвестициялау мүмкіндігіне өз смартфоныңыздан қол жеткізіңіз
N1 Jolbarys Electro таңдаңыз
Энергетика және шикізат секторларының ETF қорларына инвестициялау.
Капиталды басқарып, табыс табыңыз
Инвестицияларды қадағалап, қаражатты кез келген уақытта шығарып алыңыз
Decor Top Right Decor Bottom Left

N1broker сарапшылары инвестицияға қатысты
сұрақтарыңызға жауап береді

Graphic

Кері байланысқа тапсырыс беріңіз,
біздің мамандар сізге хабарласады

Жиі қойылатын сұрақтар
QR кодын сканерлеңіз
N1Broker қосымшасында мәмілелер ашыңыз, портфеліңізді қадағалаңыз және болашағы бар идеяларды табыңыз
Барлық нарық — қалтаңызда
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Q, бизнес орталығы, Желтоксан көшесі, 191, 3-қабат, 302-кеңсе
«N1broker» АҚ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2023 жылғы 13 маусымдағы №3.2.251/21 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия.
© 2026. Барлық құқықтар қорғалған
www.n1broker.kz сайтында орналастырылған ақпарат тек анықтамалық-ақпараттық сипатта берілген. Ол жеке инвестициялық ұсыным, кеңес, оферта немесе қандай да бір бағалы қағаздарды және/немесе қаржы құралдарын (оның ішінде туынды құралдарды) сатып алу, иеліктен шығару немесе иелену туралы жария ұсыныс (оферта жасауға шақыру), сондай-ақ мәміле жасауға үндеу болып табылмайды.

Инвестициялау тәуекелдермен байланысты: қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Өткен кезеңдегі инвестиция нәтижелері болашақтағы кірістілікке кепілдік бермейді және оны айқындамайды. «N1broker» АҚ кіріс алуға, салынған қаражаттың сақталуына, инвестициялардың сенімділігіне немесе олардың кірістілігінің тұрақтылығына кепілдік бермейді; сайтта көрсетілген кірістілік пен капиталды қорғау көрсеткіштері шартты сипатта және нақты өнімнің талаптарына байланысты.

Өнімдер мен мәмілелердің елеулі талаптары, сондай-ақ толық құжаттама клиентке тіркелу, сәйкестендіру және авторизациядан өткеннен кейін N1broker мобильді қосымшасында ұсынылады. Жекелеген өнімдер бойынша мәмілелер жасау клиентте білікті инвестор мәртебесі болған жағдайда ғана мүмкін. Әрбір өнім бойынша өзекті талаптарды «N1broker» АҚ қызметкерлерінен нақтылау қажет.