Компания туралы
N1Broker — инвестициялауға арналған технологиялы шешімдерді құратын инновациялық қаржы-техникалық компания
Компания Қазақстан Республикасында тіркелген

және Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі ҚР Агенттігімен реттеледі

Сізге қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу үшін ең жаңа технологияларды

пайдалана отырып өнімдеріміз бен қызметтерімізді ұдайы жетілдіріп отырамыз 

Ірі капиталды басқару сараптамасымен ТМД-ның аса ірі инвестициялық

компанияларында 15 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандар

Команда туралы
Николай Рузайкин
Chief Executive Officer

Николай – Сенімгерлікпен басқару әлемінде сарапшы. Ол БКС, Открытие Брокер, Газпромбанк секілді компанияларда, сондай-ақ MindRock венчурлық қорында ірі клиенттердің капиталын басқару саласында 15 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеді.

Николай бірнеше рет «Үздік Қымзеткер» атағына ие болды, бұл – оның жоғары біліктілігін растайды. Николай РесейФедерациясында инвестициялық кеңес беру бойынша реттеушілік стандарттарды әзірлеуге қатысты.

Сондай-ақ SKOLKOVO-да МВА дәрежесін алды.

N1broker-де Николай сенімгерлікпен басқару саласындағы үздік талдаушылар мен кеңесшілер командасына жетекшілікетеді.

Балнур Балхожаева
Head of Compliance

Балнұр – жалпы еңбек тәжірибесі 22 жылды құрайтын кәсіпқой. 7 жылдан артық уақыт бойы ҚР Ұлттық Банкі жәнеҚаржылық қадағалау агенттігі секілді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегімемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Соңғы 15 жылда ол банк секторында, "Альянс Банк" және "Евразийский Банк" компанияларында жұмыс істеді.

Банк секторында жұмыс істеу барысында ол банктің комплаенс-функцияларын қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ комплаенс, ішкі бақылау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (AML) саласындағы халықаралық стандарттарды енгізуге өз үлесін қосты.

N1broker-де Балнұр қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (AML) функцияларын ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органмен өзара әрекеттесу бойынша жауапты болып табылады.

Марина Володина
Head of Back Office

Марина – 15 жылды құрайтын үлкен тәжірибесі бар кәсіпқой. Ол "Альфа Капитал", Sberbank CIB, BCS, Росбанк, "Индевор Финанс" бэк-кеңсесінде жұмыс істеді, онда ол бэк-кеңсені басынан бастап құрумен айналысты, жаңа нарықтарға шығуды және маржиналдық нарықты қосуды жүзеге асырды.

N1broker-де Марина клиенттерді операциялық қолдауды ойдағыдай қалыптастыруды, онлайн тәртіптемесінде бағалықағаздармен мәмілелер жасауды, сондай-ақ интрадей-сауда үшін мүмкіндіктер әзірлеуді жүзеге асырады.

Светлана Грицевич
Chief Legal Officer

Светлана — Qazkom, БТА Банк, Альфа-Банк және Bereke Bank секілді еліміздің ірі қаржы институттарында заңгерлік жұмыс саласында 25 жыл тәжірибесі бар кәсіпқой.

Жергілікті және шетелдік командалардың құрамында нарық үшін маңызды және бірегей жобаларды сүйемелдеугеқатысты:

  • Лондон қор биржасында IPO Qazkom
    Qazkom шетелдік қор нарығына шыққан алғашқы ҚР қаржы институттарының бірі болды


  • Р&A – екі банктің активтері мен міндеттемелерін бір уақытта табыстау (айырбастау)
    2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі қаржы ұйымдарының аса ірі жобаларының Топ-3 тізіміне кіргенҚазақстандағы алғашқы P&A мәмілесі (Qazkom және БТА Банк)

 

  • M&A – қаржы институттарының акцияларын сатып алу-сату
    Казкоммерц Полис, Москоммерцбанк, Грантум ЖЗҚ және БК, Альфа-Банк Казахстан және т.б.

 

  • Қосылу жолымен банктерді ұйымдастыру
    Qazkom-ды Halyk-қа; Eco Center Bank-ті (бұрын Альфа-Банк Казахстан) BCC Bank-ке

 

Келесі марапаттарға ие болды:

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мемлекеттік мерейтойлық медалі
Конституцияның үстемдік құруын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының коституциялық негіздерінқалыптастыру мен дамытуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлесқосқаны үшін көтермелеу

 

«Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ қоғамдық медалі – «Үздік қаржыгер»
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеу

Ирина Литвинова
Financial Director

Ирина – “МТС”, “БКС” және АФК “Система” секілді компанияларды қоса алғанда, Ресей Федерациясының телекоммуникация, инвестиция және банк салаларында 23 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, қаржы және корпоративтік басқару саласындағы сарапшы.

N1broker-де Ирина қаржыны операциялық басқару, қаржылық үлгілеу, бюджеттеу және бақылау, басқарушылық есептілік жүйесін құру бойынша жауапты болып табылады.

Ильяс Мирманов
Chief Technology Officer

Ильяс – банк және телекоммуникация салаларында 17 жыл жұмыс тәжірибесі бар маман. Оның құзыретіне цифрлық өнімдер мен арналарды әзірлеу, Agile Scrum және Kanban әдіснамаларын пайдалана отырып жаңа брендтер мен өнімдік командаларды тиімді басқару кіреді. Сондай-ақ оның жобаларды басқару және ауқымды жүйелерді ықпалдастыру бойынша елеулі тәжірибесі бар. Ілияс “Temirbank”, “Beeline Kazakhstan”, ”Kaspi.kz”, “Альфа-Банк Казахстан”, ”Eurasian Bank” және “ForteBank” секілді компанияларда жұмыс істеді.

N1broker-де Ильяс мобильді қолданбаның архитектурасын ойдағыдай әзірледі және оның техникалық бөлігін әзірлеуге кірісті.

Зейнаб Мусаева
Chief Accountant

Зейнаб – банк саласында 18 жылдан асатын үлкен жұмыс тәжірибесі бар сарапшы. Ол өзінің кәсіби жолын маман қызметінен бастап, Бас бухгалтер қызметіне дейін көтерілді.

Зейнабтың Цифрлық банк құру және АХҚО алаңында банкті іске қосу секілді ірі жобаларға белсенді түрде қатысуы оның өршіл және инновациялық идеяларды ойдағыдай іске асыра алатынын көрсетеді.

N1broker-де Зейнаб қаржы және салық есептілігінің шүбәсіз ұсынылуын қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп және есептілікті автоматтандыру бойынша жауапты болып табылады.

Алена Муртазина
HR Director

Алёна – 13 жыл тәжірибесі бар HR-аналитика, дарындарды басқару, C&B бойынша маман болып табылады. Қызметкерлерді басқару бойынша мақалалар мен дәрістердің авторы болып табылады. Алёна өз ісінің әсіре жанкүйері, ол үдерістерді баптағанды және кез келген нәрсені автоматтандырғанды жақсы көреді. Оның сүйікті құралдары – OKR және геймификация. Оның пікірінше, табысты жұмыстың кепілі – әділ, ашық қарым-қатынас.

N1broker-де Алёна мамандар командасын жинап, жаңа белестерді бағындыруға шабыт беретін ортаны қалыптастырды.

Марина Соломченко
Head of Marketing Department

Марина – 14 жылдан артық тәжірибесі бар, маркетинг саласындағы кәсіпқой. Ол “Pony Express”, “РедПрайс”, “Кaspi Bank”, “Казкоммерцбанк”, “Halyk Bank” және “Альфа-Банк Казахстан” секілді ірі компанияларда маркетингті басқаруменайналысты.

N1broker-де Марина маркетинг бөлімін құрып, әзірленген маркетинг стратегиясын енгізді. Оның тәжірибесі компанияныңдамуына үлес қосып, тиімді маркетингтік тәжірибелерді қолдап отырады.

Лицензия
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №3.2.251/21, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 13 маусымда берген